Қоғам • 16 Сәуір, 2020

42 500 теңгені 3 миллионнан астам адам алды

290 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде табыстан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін 42 500 теңге әлеуметтік төлемді 127 млрд теңгеден астам сомаға 3 миллионнан астам адам алды. 5,9 млн жолданған өтінімнің 2,15 миллионы немесе 37%-ы тұрғысында бірқатар себептерге қатысты төлем тағайындалған жоқ. Өтінім берушілердің ішінде 157 мыңға жуығының жеке бас дерегі дұрыс көрсетілмеген.

42 500 теңгені 3 миллионнан астам адам алды

Төлемге өтінім берген сәтте адамның аты-жөні мен туған уақытын және жеке сәйкестендіру нөмірін қатесіз жазуға ерекше назар аударған жөн. Тиісті мағлұматтың бір әрпі немесе саны мемлекеттік ақпараттық жүйедегі мағлұматқа сәйкес келмесе, әлеуметтік төлем тағайындалмай қалуы мүмкін.

Оның ішінде 80 мыңға жуық өтінім берушілердің банк деректемесі дұрыс көрсетілмегендігі анықталып отыр.

«42 500 теңге» төлемге өтінім бергенде банк атауы мен IBAN (шотыңыздың 20 белгіден тұратын нөмірі) мәліметін көрсету қажет. Көп адам банк картасының нөмірін жіберіп қояды (16 сан). Ал бұл тұста банк шотының нөмірі керек болғандықтан, әлеуметтік төлемді жіберу қиынға түседі. Мысалға дұрысы «KZ123456789012345678» сипатында болып келеді және оны барлық дерлік банктердің ұялы телефон қосымшасынан немесе екінші деңгейлі банктердің жедел желі телефонынан білуге болады.

Бұлай қате жіберген жағдайда, өтінім әрі қарай қарауға бағытталады да, оң шешім қабылданса өтінім берушіге IBAN дерегін сұрай отырып, төлемнің тағайындалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді. 

Сонымен қатар, өтінім берушілер өзге жеке тұлғаларға тіркелген банк шотын көрсететін жағдай кездесіп жатады.

Атап өтерлік жайт, IBAN дерегін толтырғанда бір санның өзін қате жіберудің салдарында, өтінім берушіге аталған шот қызметін тоқтатқан банкте тіркелгені жайлы хабарлама келуі ықтимал.

Өтінім берушінің тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері); зейнетақылар мен жәрдемақыларды алушылар, ТЖ енгізілгенше ресми жұмыс істемеген (863 мыңға жуық өтініш).

Өтінім беруші ұсынған деректерді тексере келе, жұмыс берушінің қашықтан жұмыс істеуге рұқсат еткені немесе толық емес жұмыс күніне ауыстырғаны, ұйымның жалпы амалсыздан тоқтап тұрғаны анықталуда. Мұндай жағдайда жұмыс беруші тарап жұмысшыларға жалақы төлеуі тиіс. Дегенмен ұйым басшылығы жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберетіні жайлы бұйрық шығармаса да, жұмысшылар «42 500 теңге» төлемге өтінім беруге әрекеттенуде.