Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау ауданында карантин режимі күшейтіледі

835 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев хабарлады.         

Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау ауданында карантин режимі күшейтіледі

- ҚР Президентінің Жарлығымен төтенше жағдай және карантин режимі 1 мамырға дейін созылғанын білесіз. Осыған орай, Маңғыстау облысында да карантин жағдайы айдың аяғына дейін жалғасады.

Бүгінгі брифингте бірқатар мәселелерге назар аударғым келеді.

Біріншіден, коронавирус инфекция шалдыққандар 12 адамға жетті, Ақтау қаласында 5 адам, оның 1 емделіп шықты, Жаңаөзен қаласында 4 адам, Маңғыстау ауданында 3 адам. Ауырғандардың өсімі карантин режімін жеңілдетуге мүмкіндік бермей отыр.

Екіншіден, Маңғыстау ауданы мен Жаңаөзен қаласында Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен карантин режімі қатаңдатылды. Ертеңнен бастап Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау ауданына аса қажетсіз баруға және шығуға болмайды. Тек қана азық-түлік, дәрі-дәрмек және медицианлық құралдар апаруға, облыс орталығында шұғыл медициналық көмекке жүгінуге рұқсат беріледі. Сонымен бірге, адам өліміне қатысты тікелей жақын тұмаларына баруға және өндіріске қажетті бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері жергілікті әкімдіктердің келісімі бойынша іске асырылады. Басқа жағдайларда кіріп-шығуға болмайды.

Осы екі елді мекендеріміздегі алынып жатқан шаралар жұқтыру деректерін азайту және инфекцияның таралмауы үшін жасалып жатыр.

Үшіншіден,  Ақтау қаласындағы азық-түлік сататын гипермаркеттер мен базарларға адамдар өте көп келіп жатыр, бұл жағдай біздерді алаңдатады және қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ұшықтыру мүмкін. Құрметті қала тұрғындары, аса қажетсіз гипермаркеттер мен базарларға барудан бас тартуыңызды сұраймыз. Тұрғын үйлеріңіз қасындағы дүкендер жеткілікті, ішіндегі ассортименттердің түрі бар.

Қазір қиыншылық пен азапты көріп отырған шағын бизнестердің өкілдері.Себебі мыңдаған кәсіптер тоқтады, табыстарынан айрылды, қызметкерлері жалақысыз қалды, мемлекетке салықтары азайды. Егер де тұрғындар осылай жүре беретін болса карантин мезгілі ұзара беретін болады және кәсікерлердің жағдайы өте күрделенеді.

20 сәуірден кейін жағдай тұрақты болатын болса, тоқтатылған кәсіптерге рет ретімен мүмкіндік беруді ойластырып отырмыз. Сондықтан бәріміз қатаң тәртіп сақтап, үйде отыруымыз қажет. Бір бірімізге қолдау болып, бір бірімізге үлгі болайық ағайын. Сөз соңында халқымыз үшін аянбай еңбек етіп жүрген медицина ұйымдарының қызметкерлеріне, полиция қызметіне және барлық ерікті топтарына, демеушілік көрсетіп жүрген барша жандарға ерекше алғысымды білдіремін, деді Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев.

 

Маңғыстау облысы