Руханият • 17 Сәуір, 2020

75 жылдан кейін жеткен хабар

772 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың сайтында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай майданнан келген хат-құжаттардың цифрлы нұсқалары жарияланып жүр. Қазір кітапхана ұжымы «Ерлікке тағзым» жобасын бастап, осы бағытта түрлі іс-шара ұйымдастыруда.

75 жылдан кейін жеткен хабар

Облыстық кітапхананың бөлім меңгерушісі Марал Тәженованың айтуынша, кітапхана сайтындағы «Виртуалды музей» жобасы бес бөлімнен тұрады. Бірінші бө­лімде соғыс тақырыбына арнал­ған кітаптар. Оған Ға­лым­бек Жұ­матов, Бекболат Ха­зы­ров, Се­ргей Горбунов, Еркін Мұң­ды­нов секілді жергілікті ақын-жа­зу­шылардың 40-қа жуық шы­ғар­масы сканерлі түрде кө­шір­ме­сі­мен орналастырылған. Екінші бөлімге соғыс жылдарында өңі­рім­ізде таралған газеттердің элек­трон­ды нұсқалары салынған. Үшінші бөлімде соғыс тарихы туралы шетелдік сайттар мен интер­нет жүйесіндегі архивтердің сілте­мелері көрсетілген. Төртінші бөлімнен майданнан келген хаттарды оқуға болады. Сондай-ақ жергілікті батырлар мен со­ғыс ардагерлерінің марапат қа­ғаз­­дары, басқа да құжаттары бар. Ал соңғы бөлімде соғыс жыл­да­рында түсірілген фотолар топтас­ты­рылған.

Былтыр Омбы облысындағы (Ресей) волонтерлерден өңірі­міз­де­гі Шақа ауылында туған жауынгер Боранбай Исабековтің «Ерлігі үшін», «Ленинградты қор­ға­ғаны үшін» медальдары Эстонияның Таллин қаласынан табылғандығы туралы хабар келген. Волонтерлер Боранбай атамыздың Таллиндегі бауырластар зиратына жерленгенін айтқан. Енді міне, ұрпақтары майдангер әкелерінің жерленген жеріне барып, тағзым ете алады.

Ресейлік «Мемориал» сайты жи­нақ­таған дерекқорының мәлі­ме­тін­ше, жауынгер Боранбай Исабеков 1914 жылы Шоқтал ауылында туған. Әскер қатарына Лебяжі ауданынан шақырылған. 1078-інші атқыштар полкі жауын­гер­лік құрамында болған.

– Мен әкем соғысқа кеткен соң, 1942 жылы дүниеге келіп­пін. Әкем­нің соңынан 1945 жылы «Қара қа­ғаз» келді. Атам-әжем тым бол­ма­­­­ғанда қай жерде жер­лен­генін біл­­­сек деп отыратын. «Бір хабар бо­лып қала ма?» деп өмір бойы үзіл­­меген үмітіміз алда­ма­ды, – дей­ді майдангердің қызы Балшекер Боранбайқызы.

Ал Шақа ауылындағы ескерт­кіш тақтада Боранбай Исабе­ков­пен бірге осы өңірден 300-дей азамат майданға аттанғаны жазылған.

Енді кітапхана ұжымы облыс орталығындағы Әскери даңқ му­зейімен және мемлекеттік об­лыс­тық архивпен бірге жұмыс жүргізбек. Цифрлы жүйеге түс­пе­ген хаттар мен құжаттардың көпші­лігі сол мекемелерде сақтау­лы.

– Мақсат – интернет кеңістігін пайдаланатын тұрғындарға соғыс жылдарына қатысты өлкетану құжаттарын қолжетімді ету. Бұл жобаның жалғасуына жергілікті тұр­ғын­дар да үлестерін қоса алады. Соғысқа қатысқан, хабарсыз кеткен аталарының және басқа да туыстарының суреттері, бас­қа да құжаттар сақталған болса кі­тапханаға алып келуге бола­ды. Дерек көздерін цифрлы фор­мат­қа айналдырып, интернет кеңіс­ті­гін­де сақтай алады, – дейді Марал Тәженова.

Сонымен қатар аудандық және ауылдық кітапхана қыз­мет­кер­­леріне де осындай ұсыныс жол­данған. Олар өз өңірлерінен со­ғыс­қа қатысты тарихи дүниелерді іздейді.

Кітапхана сайтындағы «Вир­туа­л­ды музей» жобасы 9 мамыр күні арнайы түрде ашылады.

 

Павлодар облысы