Қазақстан • 17 Сәуір, 2020

42 500 теңгені тағайындау ережесіне өзгерістер енді

747 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

 

42 500 теңгені тағайындау ережесіне өзгерістер енді

Әлеуметтік төлем келесі азаматтар санатына тағайындалады:

Жалақысы сақталмай демалысқа шыққан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне, жеке кәсіпкерлерге;

Карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

Жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаларға (нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар);

ҚР Салық кодексінің 774 бабына сәйкес, Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;

Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға жүзеге асырылады.

1-ші және 2-тармақшалар ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысты емес.

Әлеуметтік төлемді ала алмайды:

ТЖ енгізілгенге дейін Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған азаматтар (олар үшін жұмыс берушілер немесе өзі үшін ЖК аударым жасамаған);

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған БЖТ төлеушілер (ресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар ТЖ енгізілгенге дейін төлеу керек болса, бейресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар әлеуметтік төлемге өтінім берер алдында БЖТ төлеу керек);

АҚС шарттары бойынша табыс алатын, бірақ ТЖ енгізілгенге дейін зейнетақы жарнасын жасамаған жеке тұлғалар;

Екі жұмыс орнында жұмыс істеген азаматтар, соның ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар, егер олар бір жұмыс орнында болсын қашықтан жұмыс істеуді жалғастырса;

ТЖ енгізілгеннен кейін БЖТ алғаш төлеген азаматтар, егер олар зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды алатын болса;

Басқа елге тұрақты тұруға көшуге байланысты тіркеуден шығарылған адамдар.