Ойындар айналмалы жүйе бойынша 3 ерлер және 2 әйелдер тақтасы форматында өтті. Әр командаға дайындық үшін жеке жаттықтырушы берілді және әр матчты жеке төреші төрешілік етті.
Қазақстанның жалғыз өкілі Бибисара Асаубаева әйелдер тақтасында ойнаған Әлемдік құрама командасы қосымша көрсеткіштер бойынша ҚХР құрамасын басып озып, бірінші орынға ие болды.
Сонымен қатар, Бибісара 4,5 ұпай жинап, өз тақтасында үздік нәтиже көрсетіп қана қоймай, жалпы турнирде ең үздік нәтиже көрсетті.
Маңғыстау облысы