Коронавирус • 21 Сәуір, 2020

Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы мен Шымкентте тіркелген

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында айтты.

Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы мен Шымкентте тіркелген

«Бүгінгі күнде жалпы ел бойынша COVID-19 жұқтырған 1852 науқас тіркелді. Олардың ең көп саны Алматы қаласында - 606, Нұр-Сұлтанда - 368, Қызылорда облысында - 149. Өткенде тәулік бойынша 141 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі - 8,2 пайыз құрады», - деді министр Елжан Біртанов. 

Оның айтуынша, өткен тәулікте ең көп науқас Алматы мен Шымкентте тіркелген. 

«Алматыда - 82 науқас, Шымкентте - 23 науқас тіркелді. Алматы қаласы бойынша 82 науқастың 78-і жоспарланған скрининг-тесттің негізінде анықталды. Олардың 60-ы Орталық қалалық клиникалық аурухананың ішіндегі науқастар және медициналық қызметкерлер. Шымкент қаласы бойынша 23 науқастың 16-сы скрининг бойынша анықталды. Олар - төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері. Қалғаны емделіп жатқан науқастар мен карантинде жатқан азаматтар», - деді министр. 

Сондай-ақ министрдің айтуынша, қазіргі уақытта 1386 науқас емделіп жатыр, олардың арасында 100 бала бар. Жалпы орташа жағдай бойынша - 258, нашар жағдай бойынша - 32, қалған 1096 науқас жағдайы - бірқалыпты.