Елдегі жағдай халыққа өрт қауіпсіздігін насихаттау мен алдын алуды қайта қарауға және жаңалықтарды енгізуге мүмкіндік берді.
Сонымен ЗҚҚАжәнеАҚСББ бастығы Нұржан Борашев Білім басқармасымен бірге барлық ата-аналардың what'sapp чаттарына үйде өрт жағдайларын болдырмау және өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы аудиожазбасы бар жаднаманы тарату мәселесін пысықтады. Қазіргі таңда аталған аудиожазбасы бар жаднамамен 50 мыңнан астам ата-ана қамтылды. Чаттарда өрт қауіпсіздігі шараларын тарату және Білім басқармасымен өзара іс-қимыл облыс бойынша барлық топтардың чаттарын қамтуға мүмкіндік берді.
Жаңалықтардың бірі ТЖ департаментінің әлеуметтік желілердің көптеген жазылушылары бар жергілікті блогерлерімен өзара іс-қимылы болды. Өртке қарсы тақырыпта және балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу бойынша облыста 100 мыңнан астам адамның қарауын қамтыған видеоролик әзірленді.
Бұдан басқа, Басқарма бөлімшелер арасында «Бөлімшелердің үздік ролигі» челленджіне бастамашылық жасады және осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Маңғыстау облысы