12 Қыркүйек, 2013

«Рош-а-шана» – еврейше жаңа жыл

365 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандағы «Тілдер шеруі» айлығы аясында Семей қалалық Достық үйінде «Бокер» еврей этно­мәдени бірлестігі және «Хэсед» ор­та­лығының ұйымдастыруымен еврей мәдениеті мен тілдері күні – «Рош-а-шана» мерекесі тойланып өтті.

 

Қазақстандағы «Тілдер шеруі» айлығы аясында Семей қалалық Достық үйінде «Бокер» еврей этно­мәдени бірлестігі және «Хэсед» ор­та­лығының ұйымдастыруымен еврей мәдениеті мен тілдері күні – «Рош-а-шана» мерекесі тойланып өтті.

– Еврей тілінде Шана – жыл, Рош – басы деген мағынаны білдіреді, – деді жаңа жылдың басталуымен құттықтаған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Е. Аязбаев. – Бұл күні еврей халқы бір-біріне жақсы тілектер айтып, араздасқан адамдар бір-бірінен кешірім сұрайды. Сонымен бірге, құлшылық жасап, дұғалар оқылады. Рош-а-шана еврей халқының 5772 жаңа жылы.

Еврей халқында мереке күндері алма мен бал жеу дәстүрге айналған және бұл күндері туған-туыстары мен жақындарына, достарына жылың тәтті де, жақсылыққа толы болсын деген құттықтау тілектерін жіберген.

Достық үйінің үлкен залына жиналған көпшілікке жаңа жыл­дың басталуымен еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Бороховский, «Хэсед» еврей қайы­рымдылық орталығының директоры А. Рубан тілектерін білдірді. «Хэ­сед» еврей қайырымдылық орта­лығының жасөспірімдер шығар­машылық тобының орындауында еврей халқының әндері, билері, қызықты сахналық қойылымдары орындалды. Кішкентай көрерменге ертегі жазылған аудиожазба, сонымен қатар, иврит тілінің мұғалімінің тіл туралы баяндамасы тыңдалды.

Әсем ән мен күйге бөленген мерекелік шара келген көпшіліктің көңілінен шықты. Біз алдағы уақытта өз ұлтымыздың мерекелерін өзге халықпен бірлесе тойламақпыз, деді И.Бороховский.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.