Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Көпбалалы отбасылар кепілді әлеуметтік көмек алды

623 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жұқпалы індет қауіпі ел ішін әбігерге салды. Карантинге байланысты өндірістегі жұмыс уақыты қысқарып, базардағы сауда-саттық тоқтады. Адамдардың табысы азайды. Бұл сынақ әсіресе көпбалалы отбасыларға салмақ болып түсіп тұр.

Алматы облысы: Көпбалалы отбасылар кепілді әлеуметтік көмек алды

Осы жүкті мемлекет тарапынан берілетін кепілдендірілген әлеуметтік көмек көлемі сәл де болса жеңілдетіп тұрғанын айтуымыз керек. Бұл бағытта Алматы облысында әлеуметтік тұрғыда аз қамтыл әулетер мен көпбалалы отбасыларды қажетті азық-түлік пакеттерімен қамту үшін 455 млн теңге қарастырылып, қазірге дейін 83 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетілген. Бұл көмек қысылтаяң шақта қаланың да, ауылдың да мұқтаж адамдарына кәдімгідей қолдау болып отыр. Мысалға, Кеген ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға жәрдемақыдан бөлек заттай қолдау пакеті де беріледі екен. Бүгінде 1 – 3 жас аралығындағы 31 сәбиге және 3-6 жас аралағындағы 30 балаға кепілдердірілген әлеуметтік пакет таратылыпты.

Дәл осындай игі шара Текелі қаласында да жалғасып жатыр. Қала әкімдігінің есебі бойынша, 281 отбасындағы 309 балаға «Балаларға тарту» әлеуметтік пакеті беріліпті.

- Жақында Текелі қаласының әкімдігінен еріктелер келіп, үйімізге азық-түлік, басқа да тұтынуға қажетті заттар, медициналық керек-жарақ жеткізіп берді. Шын қуандық. Елеп,ескеріп қол ұшын берген азаматтарға алғысымыз шекісз. Отбасымызда 5 бала өсіріп отырмыз. Өзім атаулы әлеуметтік көмек аламын. Қосымша кәсібіміздің тоқтауына байланысты кіріс көзі де қысқарған еді. Мемлекет тағы да қиындықта қалдымай, арнайы тағайындаған 42 500 теңге өтемақы берді. Бәрінен әкімдік берген «Балаларға тарту» деген әлеуметтік пакет отбасындағы кішкентайлар үшін лайықты сый болды. Мұны ұйымдастырған демеушілерге, көпбалалы аналарға барлық жағынан көмек беріп, қаржылай да, азық-түлік түрімен де қолдап отырған мемлекет тізгінін ұстаған жандарға аналық алғысымды арнаймын. Қиын күндер артта қалып, еліміз берекелі де бейбіт өмірге қадам бассын, - дейді бізбен қуанышын бөліскен текелілік көп балалы ана Әсел Ерденбекова.

 

Алматы облысы