Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Маңғыстауда ауыл шаруашылығын дамытуға 2 млрд теңге бөлінді

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов мәлімдеді.

Маңғыстауда ауыл шаруашылығын дамытуға 2 млрд теңге бөлінді

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында қаржы институттарына шағын несие беруге 1,2 млрд. қаражат бөлінді. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығының басқа да жобаларын субсидиялауға 800 млн теңге бөлінді. Аймақта 2 қаржы институты жұмыс істейді, оның біріншісіауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры. Бұлқорға 841 млн теңге бөлінген. Талапқа сәйкес, кәсіпкер бұл қордан 7 жылға 6% несие ала алады. Шамамен несие көлемі 4 млн теңге. Айта кетейік, екінші институт агро несие корпорациясына 361 млн теңге бөлінді. Оныңда талабы дәл сондай  (7 жылға, 6%). Алайда беретін несие көлемі 6 млн теңгені құрайды.

2020 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы мал шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 2,3 млрд теңгені құрады. Статистикаға сүйенетін болсақ, өңірде іріқара малдың саны 29 226, қой мен ешкі 617 000, жылқы 117 000, түйе 83 000 бас. Жоспарға сәйкес, жергілікті бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мен  оның өнімділігін және өнім сапасын арттыруға 36 млн теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражат қой шаруашылығындағы селекциялық асылдандыру жұмыстарына, шаруашылықтарда және ауылшаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру қызметтерін субсидиялауға жұмсалады. Сондай-ақ, асыл тұқымды қойларды және ірі қара мал шаруашылығында селекциялық асылдандыруға бөлінеді.