Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Маңғыстау: COVID-19 жұқтырған екі адамның деректері анықталды

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Маңғыстау: COVID-19 жұқтырған екі адамның деректері анықталды

Ақтау қаласының 2 тұрғынынан COVID-19 анықталды. Бірі 1991 жылы туған кешегі жүкті әйелдің жолдасы. Екіншісі ол жігіттің 24 жастағы әріптесі. Күні кеше жүкті әйелден қауіпті індет анықталған соң, онымен жақын байланыста болған адамдар да провизорлық бөлімшеге жатқызылып, сынама алынған болатын. Нәтижесінде екі адамның вирусты жұқтырғаны расталды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазір науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, тексеріліп жатыр. Бірнешеуі ауруханаға жатқызылды, делінген хабарламада.

Бірінші науқас тұратын Ақтау қаласындағы 17 шағын аудан 82-ші үйдің подъезі кеше карантинге жабылып, дезинфекция жұмыстары жүргізілген болса, бүгін оның әріптесі тұратын Ақтау қаласындағы 15 шағын аудандағы 70-ші үй подъезі де сыртынан жабылып, дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

22.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста осы күнге дейін 16-адамнан COVID-19 вирусы анықталды: Ақтауда -8, Жаңаөзенде – 4, Маңғыстау ауданында – 4, оның ішінде емделіп шыққаны – 2 адам.

 

Маңғыстау облысы