Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Сарқан ауданындағы «сақалды құрылысқа» айналған аурухана ғимараты ашылды

830 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Сарқан ауданында құрылысы ұзақ жылға созылған емхананың жөндеуі аяқталып, қолданысқа берілді. Қабырғасы 1990 жылы қаланып, орта жолдан тоқтап қалған бұрынғы перзентхана ғимараты содан бері аймақтағы «сақалды құрылыстың» санын көбейтіп тұрған еді. Тек 2017 жылы ғана нысанды емхана етіп жаңғыртуға шешім қабылданған.

Алматы облысы: Сарқан ауданындағы «сақалды құрылысқа» айналған аурухана ғимараты ашылды

Енді осы емханада  105 орындық стационар мен 100 пациент қабылдауға арналған әйелдер кеңесі бөлімдерін ашуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ жаңа ғимаратқа аудандық аурухананың реанимация, хирургия, педиатрия, травматология,қабылдау бөлімдері және зертхана мен перзентхана көшіріліпті.

- Облыс әкімі мен денсаулық сақтау басқармасының араласуымен ширек ғасырдан астам уақыт қараусыз қалған ғимарат жөнделіп, іске қосылды. Нәтижесінде аудан халқына сапалы медициналық қызмет көрсететін жаңа нысан ашылды. Қажетті медициналық құрал-жабдықпен толықтай қамтылды. Дәрігерлік құрам да жасақталды. Қазір аудандық ауруханада 47 дәрігер, 198 орта медицина қызметкері денсаулық күзетінде тұр, - дейді Сарқан ауданының бас дәрігері Алтай Шылғаубаев.