Экономика • 23 Сәуір, 2020

Банктердің төзімділігі сыннан өтіп жатыр

221 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстандық банктердің сынаққа төзімділігі төтенше жағдайда сынға түсіп жатыр.  

Банктердің төзімділігі сыннан өтіп жатыр

Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін бірнеше күн өткен соң, банкирлер коронавирустық пандемиядан туындаған қиын жағдайға тап болған клиенттерін қолдау бойынша бірқатар шұғыл міндеттерді шешуге мәжбүр болды. Осы банктердің бірі – Bank RBK болды. Қатаң шектеу шаралары банк  мамандарын  қашықтан жұмыс істеуге міндеттеп жатыр.  

«Bank RBK» АҚ Басқарма Төрағасы Наталья Акентиева кеше кешкісін өткен вебинар жиында  банктер бұл сыннан өткенін айтты.   Қашықтан қызмет көрсету арналарын дамыту ұзақ уақыттан бері Bank RBK-тің басым бағыттарының бірі еді, қатаң карантин жағдайында үйде отырып, банктік қызметтердің барлық дерлік түрлерін алу мүмкіндігі  шұғыл қажеттілікке айналды.

Интернет-банкинг пайдаланушылары өздерінің ақшаларына тәулік бойы қолжетімді, шоттарды қашықтықтан ашады және өз қалауы бойынша қаржыны басқарады, төлемдер, аударымдар немесе депозиттерді конверсиялау бойынша операциялар жасайды. Қажет болған жағдайда, банк онлайн режимінде ашылған карталарды клиенттерге жеткізуді ұсынады.  Банк қазіргі жағдай қашықтағы банктік жүйені пайдаланушылар санының өсуіне жол ашады деп үміттеніп отыр. Нарықтардағы құбылмалылық жағдайында қаржылық тұрақтылық жинақ ақшаларын сақтау үшін банкті таңдаудың басты өлшемі.  Bank RBK өзінің депозиттік портфелінің тұрақты өсуі клиенттерге деген сенімнің ең жақсы дәлелі болып табылатындығын айтады. Банктің мәліметінше, бірінші тоқсанда оның депозиттік базасы 31 млрд теңгеге артып, 346 млрд теңгеге жетті. Соның ішінде халықтың салымдары 22 млрд теңгеге көбейді.

Тұрақты қаржылық жағдай, сонымен қатар Bank RBK үлкен маржамен реттеуші белгілеген барлық стандарттарды орындайтындығының дәлелі. Мәселен, 1 сәуірдегі жағдай бойынша банктің меншікті капиталы, бұл қаржы институтының түбегейлі тұрақтылығының дәлелі, бұл нормадан алты есе жоғары. Өз кезегінде, банкте қолма-қол ақшаның бар екендігін көрсететін өтімділік деңгейі ең төменгі нормадан 19 есе жоғары. Ең бастысы, тәуелсіз халықаралық аудиторлық компаниялар жүргізген активтер сапасына (AQR) аудит кезінде банктің несие портфелінің сапасын дұрыс анықтауы расталды.

Bank RBK клиенттерге шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиелеу бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында да өз қаражаты есебінен несие беруді жалғастыруда. Жыл басынан бері банктік клиенттерге несие беру көлемі тұрақты түрде өсуде, бірінші тоқсанда портфельдің өсуі 27 млрд. Сәуірде банк ел экономикасын несиелеуді одан әрі арттырды. «Біз дағдарыстан кейінгі экономикалық қалпына келтіру туралы ойлауымыз керек. Шағын және орта бизнеске осындай ауыр сынақтан кейін қайта оралу үшін қолдау қажет. Біз кәсіпкерлер мен олардың бизнесін қолдауға әрдайым дайынбыз»,  деп сөзін қорытындылады  «Bank RBK»АҚ Басқарма Төрағасы Наталья Акентиева.