Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Тараз қаласында коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі тіркелді

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа  дерегі тіркелді.

Тараз қаласында коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі тіркелді

Облыс орталығының 30 жасар тұрғыны бұған дейін инфекция жұқтырған әріптесімен жұмыс бабы бойынша байланыста болғандығы үшін карантиндік стационарда оқшауланған. Алынған қан талдауының қорытындысы оң нәтиже көрсеткеннен кейін ол инфекциялық стационарға жатқызылған. Ал, үй ошағы бойынша онымен байланысқан бір тұлға анықталып, зертханалық зерттеу үшін талдаулар алынуда. Ошақтарда эпидемияға қарсы тиісті өңдеу шаралары атқарылған.

Жалпы, бүгінгі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 77 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Тараз қаласында 25, Байзақ ауданында 3, Жамбыл ауданында 4, Қордай ауданында 33, Меркі ауданында 2, Мойынқұм және Шу аудандарында біреуден. Сонымен қатар, «Дели – Тараз» рейсінің жолаушылары арасынан 6 оқиға, теңіздегі вахталық кентінен келген қызметкерлер арасында 2 оқиға анықталған.

 

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар

Мұнай бағасы күрт төмендеді

Экономика • Бүгін, 10:33

«Ғалия» кітапханасының мөрі

Жәдігер • Бүгін, 09:05

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48