Әлем • 23 Сәуір, 2020

АҚШ-та үй жануарынан коронавирус инфекциясы анықталды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нью-Йорк штатында екі үй мысығынан коронавирус инфекциясы табылды. Бұл АҚШ-тағы үй жануарларының індет жұқтыруының алғашқы жағдайы.  

АҚШ-та үй жануарынан коронавирус инфекциясы анықталды

Індет жұқтырған мысықтың бірінің иесінен коронавирус инфекциясы табылмады. Мамандар бұл үй жануары індетті сырттан жұқтыруы мүмкін деп отыр. Ал екінші мысықтың иесі бұған дейін COVID-19 індетін жұқтырған екен.

Әзірге үй жануарларының вирус таратушы болуы мүмкін екені дәлелденген жоқ. Әйтсе де дәрігерлер үй жануарларын мүмкіндігінше үйде ұстап, олардың басқа жануарлармен және адамдармен байланысын шектеуге кеңес береді.