Қазақстан • 23 Сәуір, 2020

Медициналық қызметкерлерге үстемақы төлеу үшін 35,7 млрд теңге бөлінген

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медициналық қызметкерлерге үстемақы тәуекел топтарына байланысты төленеді: 212,5 мың теңгеден (5 ТЖМ) 850 мың теңгеге дейін (20 ТЖМ). Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов хабарлады.

Медициналық қызметкерлерге үстемақы төлеу үшін 35,7 млрд теңге бөлінген

 

«Жалпы бұл мақсатқа 35,7 млрд теңге бөлінген. Қор стационарлармен келісім-шарттар жасады. Наурыз айы бойынша төлемдер жүргізілді: 17,4 мыңнан астам медициналық қызметкерлеріне 3,3 млрд теңгеден астам қаражат жіберілді. Ең көп сомалар Алматыдағы және Нұр-Сұлтандағы медициналық қызметкерлеріне төленді - шамамен 1,9 млрд теңге»,- деді ол.

А. Жұмағұловтың айтуынша, Қордың қаржы операторы ретіндегі рөлі тек қаржыларды төлеу ғана емес, «COVID-19 коронавирусымен күресу аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылай қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына берілген мәліметтердің сәйкестігін тексеру да болып табылады. Осыған орай, Қор үстемақы алушылардың тізімдерін тексеру бойынша үлкен жұмыстар жүргізеді.

Сондай-ақ ӘМСҚ басшысы болжам бойынша қолдау көрсетілетін медициналық қызметкерлердің саны екі есеге дейін артады деп атап өтті.