Медициналық қызметкерлерге үстемақы тәуекел топтарына байланысты төленеді.
«Үстемақы алушылардың тізімдерін жедел штабтарда құрылған аймақтық комиссиялар құрайды. Комиссия төрағалары әкім орынбасарларынан тағайындалады. Комиссиялардың құрамына денсаулық сақтау бөлімдерінің, өңірлік бас мемлекеттік санитарлық дәрігер, үкіметтік емес ұйымдардың және т. б. өкілдері кіреді»,- деді Айбатыр Жұмағұлов.
Айта кету керек, үстемақы республикалық бюджет есебінен төленеді. Төлемдер комиссия ұсынған тізімдерге сәйкес Қормен жасалады.