Қоғам • 24 Сәуір, 2020

Әскери полицияның әлеуеті жоғары

722 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды». Батыр Бауыржан Момышұлының осы бір қанатты сөзі бүгін де Алаш азаматтарының жігерін жанып, рухын шыңдап келеді. Осындайда темірдей тәртіп пен мұқалмас намыс десе ойымызға ең алдымен ел тыныштығының күзетінде тұрған Отан қорғаушылар түсер еді. Ал әскердегі құқықтық тәртіп пен заңнаманы сақтау мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей келе жатқан маңызды орган – Қазақстанның әскери полициясы.

Әскери полицияның әлеуеті жоғары

Ширек ғасырға жуық ке­зең­­ді еңсерген отандық әс­ке­­ри полицияның тарихы сонау 1997 жылдан бастау алады. Дәл осы жылы 22 сә­уір­де Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­стан Республикасының Құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қой­ған болатын. Бұл – ел тәуел­сіздігінің алғашқы жыл­да­рында жасалған тың қадам­дарының бірі еді. Себебі ТМД аума­ғында мұндай орган болған жоқ.

Аталған Жарлықпен құқық қорғау органдары жүйесін реформалау мәселелерін қарау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Қысқа мерзімде әскери полиция туралы ереже әзірленіп, бекітілді. Оған сәйкес Қарулы Күштер құрамында құрылған органның міндеттері мен қызметтері айқындалды.

– Басты міндеті әскери құ­қықтық тәртіпті сақтауға не­гіз­делген арнайы әскери бө­лімнің құрылуы – Елба­сы­ның көрегендігі дер едім. Мұндай шешімге келуге әскер қатарындағы кәсіби маман­дар­дың біртіндеп қызметінен қол үзуі мен іргесін енді қалаған жас мемлекеттің Қарулы Күш­т­­ері қатарында пайда бол­ған қылмыстық жағдайлар түрт­кі болды. Мұндай жағ­дай­да еліміздегі әскери поли­ция­ның ірге қалауы да оңай­ға соқпа­ғаны белгілі. Іс жүзін­де­гі тәжірибенің болмауынан жоқтан бар жасауға тура келді. Кадрларды іріктеп алудан бастап, материалдық-тех­никалық жабдықтармен қам­та­ма­сыз етуге дейінгі түрлі ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді, – дейді Қазақстан Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы, полковник Бауыржан Лекеров.

Бұл жұмыста шетел тәжі­ри­бесі де назардан тыс қалған жоқ. Себебі әскери полиция әлемдегі 40-тан астам елде, соның ішінде АҚШ-та, Германияда, Францияда, Ұлыбританияда, Қытайда тиім­ді жұмыс істеп келген бола­тын. Ал Қазақстан болса жо­ғарыда айтқанымыздай, бұрынғы кеңестік  кеңістіктегі елдердің алғашқысы болып осы әскери полицияны құра білді. Бүгінде осыған ұқсас институттар Ресей, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Грузия қарулы күштерінде, сондай-ақ Балтық жағалауы елдерінде енгізіліпті.

Алғашқы жылдары әскери полицияның міндеті әскери көлік құралдарының жол қоз­­ғалысы қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз етумен, пат­руль­­деу­мен, әскери қызмет­ші­лер­ді іздес­ті­румен және әс­ке­ри қыл­мыс­тар­ды анық­тау­мен шек­тел­ді. Бұл жұ­мыс өз нәтижесін беріп, құ­қық бұзу­шылықтар мен қыл­мыс­тар­дың саны азайды. Кейін елімізде 2005 жылы 21 ақпанда қабылданған «Әс­ке­ри полиция органдары туралы» заңға сәйкес әскери полицияның мін­деттері мен қызметінің ауқымы кеңей­ті­ле бастады. Ол Қа­рулы Күш­тер­де сыбайлас жем­қор­лық­қа қатысты құқық бұзу­шы­лық­тардың алдын алу бойынша өкілеттікке ие болды.

Әскери полиция тарихында кинологиялық қызметтің пайда болуы да аса маңызды еді. Оны талап етілетін жоғары деңгейге шығару үшін орасан зор жұмыс атқарылды. Қазір кинологтар мен қызметтік иттердің кәсібилігі Қазақстанда танылып, халықаралық деңгейде бағаланды. Оған кинологиялық бөлімшелер арасындағы әскери халықаралық ойындардағы «Адал дос» сайысында қол жет­к­ізілген жүлделі орындар дәлел.

Әскери қызметшілерді іздестіру бойынша да ауқым­ды жұмыс атқарылып келе­ді. Өткен 23 жылдың мұғ­да­рында әскери полиция қыз­мет­керлері ресми іздеуде жүр­ген алты мыңнан астам әске­ри қызметшіні тапты. Тың тә­сіл­дер бағдарға алынып, Интер­пол жүйесінде іздеу са­лу­­дың дербес субъектісі бо­лу­ға мүмкіндік пайда болды. Осы­лай­ша Венгрия, Түркия, Чехия, Ресей сынды елдер­де іздестіру жұмыстары қолға алынды. Құқық қорғау және арнайы органдардың ақпа­рат­тық алмасу жүйесіне қол жет­кі­зілді.

Былтыр тамызда әске­ри полиция органдарының қыз­меті әскери қызметтің қа­уіп­­сіздігін қамтамасыз ету­мен толықтырылып, осы мақсатта жеке басқарма құрылды. Оған барлық әскери бөлімдерде, жергілікті әскери басқару органдарында әскери қызмет қауіпсіздігін бақылау бойын­ша міндеттер, сондай-ақ бар­лық ықтимал тәуекелдерді азай­ту бойынша алдын алу жұ­мыс­тарын жүргізу жүк­тел­ген.

Бүгінде әскери полицияның қызметі Қазақстанда қабыл­дан­ған карантиндік шаралар мен төтенше жағдай режімі кезеңінде де тиімділігін көр­се­туде.

– Бүкіл әлем коронавирус пандемиясынан зардап шегіп жатқан бұл ауыр кезең­де әскери полиция орган­да­ры алғашқылардың бірі бо­лып қауіпті инфекция­мен күресуге бел буды. Бүгінде гар­­низондардағы мыңға жуық әскери полиция қыз­мет­ші­лері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдыңғы шепте жүр. Олар блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілік атқарып, қала­лар мен елді мекендерді дезин­фек­циялауға негізделген арна­йы әскери техниканың қозға­лысын қадағалайды. Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, патрульдеу қызметіне атсалысады, – дейді Б.Лекеров.