«Жақында жол шұңқырын жамау жұмысы басталды. Оған дейін тендер өткізіліп, 41 млн теңгеге келісімшарт жасалды. Осы қаржыға маусымның аяғына дейін 52 көшенің 4,5 мың шаршы метр жолы жөнделеді. Кейін тағы қаржы қарастылып, жол шұңқырын жамау жалғасын табады» деді Қайрат Оразбаев.
Әкімнің мәліметіне сүйенсек, жөндеу жұмысы Жилгородок ықшамауданында басталған. Кейін Аванград ықшамауданында жалғасқан. Қазір Сәтбаев көшесінде жол шұңқыры жөнделіп жатыр.