«Бүгінгі таңда Бозоқ, Сарайшық, Сауран және Отырар қалашықтары, сондай-ақ Берел және Есік қорғандары сияқты тарихи-мәдени мұра объектілері, музейлер мен музей-қорықтар қазақстандықтарға өздерінің сайттарында 3D форматтағы экскурсия, онлайн-серуен режимі, сондай-ақ бейнероликтер, бейне экскурсиялар, онлайн дәрістер, бейне сабақтар және тағы басқа іс-шаралар арқылы өз жерлерін көрсету мүмкіндігін ұсынды. Мәселен, музей-қорықтар қысқа уақыт аралығында 100 мыңнан астам адамды қамтитын 150-ден астам онлайн-шара өткізді», деді Ақтоты Райымқұлова.
Осы ретте ол Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер галереясы әзірлеген есту қабілеті бұзылған азаматтарға арналған арнайы бейне-экскурсияларды атап өтті. Бұл шара арқылы еліміздегі 18 мыңнан астам есту қабілеті бұзылған адам бейне-экскурсияларды тамашалаған.