Қазақстан • 24 Сәуір, 2020

Авиация саласы жыл соңында қалыпқа келе бастайды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаһандық авиация саласы күрделі дағдарысқа ұшырауда. Әлемдік әуе паркінің үштен бір бөлігін құрайтын 8 500 жолаушы ұшағы тұраққа қойылды. Бұл туралы бүгінгі онлайн – бирфинг барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Көлік және логистика жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев айтты.

Авиация саласы жыл соңында қалыпқа келе бастайды

̶Көптеген сала сарапшылары пандемия аяқталғаннан кейін де әуе компаниялары бұрынғы қалпына оралу үшін бірнеше жылдар қажет болады деп пайымдауда. Мысалы, жаһандық дағдарысқа дейін америкалық әуе жолдары арқылы күніне рекордтық 2,5 млн жолаушы тасымалданған. Қазір ұшақтар тек 10-20%-ға ғана толтырылуда, ал жаңа брондауларда өткізу қабілеті күрт қысқарғаннан кейін де трафиктің 80-90%-ға төмендеуі байқалады. 2020 жылдың ақпан айында жаһандық жолаушылар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 14,1%-ға төмендеді, дейді Қ.Алпысбаев.

IATA бағалауы бойынша жолаушылар айналымы 2020 жылдың 4-тоқсанында біртіндеп қалпына келтіре бастайды. Ал 2021 жылдың бірінші жартысында жағдай біршама тұрақталатын көрінеді.

̶ Біздің компанияларда да жағдай осы деңгейде. Ағымдағы жылдың 22 наурызынан бастап «Qazaq Air» АҚ және «Эйр Астана» АҚ барлық авиарейстердің орындалуын тоқтатты, «Эйр Астана» АҚ халықаралық бағыттар бойынша тек қана репатриациялық рейстерді ағымдағы жылдың 29 наурызына дейін орындады, деді «Самұрық-Қазына» АҚ Көлік және логистика жөніндегі басқарушы директоры.