Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

7 өңірде егіс науқаны жүргізілуде - Айдарбек Сапаров

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Қазақстандағы көктемгі егіс науқаны барысын айтып берді.

7 өңірде егіс науқаны жүргізілуде - Айдарбек Сапаров

«Карантиндік жағдайға қарамастан, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер көктемгі дала жұмыстарының мерзімін сақтауда. Егіс науқаны 7 өңірде жүргізілуде. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жаздық егіс алқабының 16-дан 80%-ға дейіні егілді. Жамбыл облысында 326 мың га, Алматы облысында – 239 мың га, Түркістан – 230 мың га, Қызылорда – 28 мың га егін егілді», деді Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ ол Батыс Қазақстан, Павлодар және Атырау облыстарында егін егу басталғанын айтты.

«24 сәуірдегі жағдай бойынша республиканың қалған өңірлерінде егіс алдындағы жұмыстары жүргізілуде. Өңірлер арзандатылған жанар-жағармаймен, тұқымдармен қамтамасыз етілген, тыңайтқыштарды жөнелту жүргізілуде. Техникалар дайын», деді ол.