Облыстық денсаулық сақтау басқармасында медициналық мекемеде коронавирус инфекциясының таралуына жол берілуі фактісіне орай комиссия құрылды. Бұған дейін, 8 сәуірде бас дәрігердің шешімімен науқастар мен дәрігерлердің коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты аурухана карантинге жабылып еді. Ал, 31 наурызда қауіпті індетті жұқтырған медициналық қызметкерлер арасында 10 дерек, науқастардан 12 дерек анықталды.
–Арнайы комиссия аурухана басшылығының Covid-19 инфекциясын жұқтырудың алғашқы және кейінгі фактілерін тіркеу кезіндегі іс-әрекетін тексеруде. Комиссия жұмысының нәтижесімен бас дәрігерді қызметінен уақытша босату немесе қызметінен босату туралы шешім қабылданады,- деп хабарлады жедел штаб.