Аймақтар • 25 Сәуір, 2020

Қарағанды облысында тағы үш адам COVID-19 жұқтырды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 25 сәуірде Қарағанды облысында тағы үш адамның коронавирус жұқтырғаны зертханалық негізде расталды.

Қарағанды облысында тағы үш адам COVID-19 жұқтырды

Ауырғандардың екеуі 1965 және 1979 жылдары туған ер адамдар, Қарағандының тұрғындары. Ал үшіншісі – теміртаулық 13 жастағы қыз бала. Қазіргі уаытта олар инфекциялық стационарға жатқызылды.

Бүгінгі күнде облыста коронавируспен ауырғандар саны 111 адамға жетті,  оның ішінде бір адам індеттен көз жұмған және 34 науқас сырқаттан айығып шықты.

 

Қарағанды облысы