– Қауіпті індет табылғандар –1966, 1968, 1984, 1993 және 1995 жылы туған ер адамдар. Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын. Ал, алтыншы науқас – 1997 жылғы қыз. Ол «Атырау-Амстердам» әуе рейсіндегі жолаушылармен байланыста болған.
Аталған азаматтарға жасалған ПЦР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі коронавирус инфекциясын растады. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы дәрігерлік қатаң бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекция жасалуда,- деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.
Бүгінгі, 25 сәуірде түс әлетіндегі жағдай бойынша, Атырау облысында 104 адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр.