Аймақтар • 26 Сәуір, 2020

Тараз қаласында шешімін күткен мәселелер бар

145 реткөрсетілді

Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласын бұдан әрі дамыту күн тәртібіндегі мәселенің бірі.

Осы орайда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қала активімен кездесті. Басқосуда Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев бірқатар мәселелерге жауап берді.

 Қала тұрғындарынан қалалық қызметтер мен тікелей Тараз қалалық әкімдігінің жұмысына байланысты 16 мыңнан астам өтініш түскен.  Әлеуметтік желілерде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атына қалалық әкімдіктің қызметіне қатысты 178 өтініш келіп түссе, олардың 33-і ғана орындалған. Тұрғындарды негізінен қоғамдық көлік жұмысының нашарлығы, автобус аялдамаларының жай-күйі, жол жамылғысы, қоқыстың, ашық люктердің көптігі, ағаштарды заңсыз кесу және тағы да басқа осы секілді мәселелер толғандыруда. Бердібек Сапарбаев жалпы облыс бойынша түрлі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалмауы Тараз қаласы әкімдігінің қызметімен байланысты болып отырғанын жеткізді.

«Қалалықтар өздерін толғандырған мәселелерін шешіп беруді өтініп облыстық әкімдікке қоңырау шалып, әлеуметтік желілер арқылы дабыл қағуда. Себебі, ұйымдастыру жұмыстары әлсіз, тиісті бақылау жоқ», деді Бердібек Сапарбаев.

Сол сияқты жолаушылар көлігінің тұрақсыз қозғалысы, ескі және тар автобустардың лас және ыңғайсыз салондары, жүргізушілер мен кондукторлардың мәдениетсіздігі қала тұрғындарының көптен бері көтеріп келе жатқан басты мәселелерінің бірі ретінде қаралды. Облыс әкімінің айтуынша, Тараз қаласының әкіміне адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, маршруттарды жүйелендіру, жаңа, сыйымды автобустар сатып алу мәселесін шешу, электронды билеттендіру мен GPS-бақылауды енгізу бойынша тапсырмалар жүктелген. Алайда, әлі күнге дейін бірде-бір тапсырма орындалмаған.

Тағы бір мәселе – Тараздың Абай, Қойгелді, Бейбітшілік және басқа да орталық көшелеріне қатысты болып отыр. Оларды жөндеу жұмыстары наурыз айында басталу керек болғанымен, жоспар орындалмаған. Оған не кедергі болғаны белгісіз. Жиында осы сияқты бірқатар мәселелер көтерілді.

Өз кезегінде Айтқазы Қарабалаев білікті кадрлардың жоқтығын алға тартты.

Сонымен қатар, қала әкімінің айтуынша, Абай көшесін жөндеу 2 мамыр күні аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жұмыстың уақытылы басталуына жауын-шашынның көптігі де әсер етуде екен. Кеңесті қорытындылай келе Бердібек Сапарбаев негізгі аспектілерге назар аударды. Тараз – Жамбыл облысының бет-бейнесі, туристерді тарту орталығы болғандықтан, қала әкімдігіне өңірді дамыту бойынша зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

 

Жамбыл облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Жол жауапсыздықты көтермейді

Аймақтар • Бүгін, 08:02

Қасиетті қала – балалар көзімен

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Елдік таңба – ел мұраты

Руханият • Бүгін, 07:50

Есте қалған ерекше күн

Саясат • Бүгін, 07:47

«Әнұранды қосыла шырқаймыз»

Руханият • Бүгін, 07:42

Тағылымы мол мереке

Пікір • Бүгін, 07:35

Көк Туды көрсеткен сәт

Саясат • Бүгін, 07:34

Қазынасы ұрпаққа мұра

Таным • Бүгін, 07:30

...Бойыма қуат береді

Руханият • Бүгін, 07:09

Бояу қолданбайтын суретші

Қоғам • Бүгін, 07:06

Ауылдағы аяқ киім фабрикасы

Экономика • Бүгін, 07:00

Ел тарықпасын десек...

Экономика • Бүгін, 06:56

Отандық өнім 72 елге экспортталды

Экономика • Бүгін, 06:48

Мақтааралдағы ахуал бақылауда

Аймақтар • Бүгін, 06:42

Симптомсыз сыбайластық

Қоғам • Бүгін, 06:40

Айқын бағыт, тура жол

Пікір • Бүгін, 06:37

Алатау мен Алматы

Руханият • Бүгін, 06:35

Тарих таразысындағы төрт жайт

Руханият • Бүгін, 06:33

Азаттықтың айшықты нышандары

Қазақстан • Бүгін, 06:31

Ұқсас жаңалықтар