Ол Атырау облысының Теңіз кентінде вахталық негізде жұмыс істейді. Белгіленген алгоритмге сәйкес, ол Жамбыл облысының аумағына келгеннен кейін карантиндік стационарға оқшауланған. Зертханалық талдау нәтижелері бойынша оған коронавирус індетінің диагнозы қойылды.
Бүгінгі, яғни 26 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 104 жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде Тараз қаласында 49, Байзақ ауданында 4, Жамбыл ауданында 4, Қордай ауданында 34, Меркі ауданында 2, Мойынқұм және Шу аудандарында бір-бір жағдайдан анықталған. Сондай-ақ, «Дели-Тараз» рейсінен 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасында 3 оқиға анықталған.
Өңірде қауіпті індетті жұқтырғандардың ішінен 42 адам емделіп, бүгінде дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылған.
Жамбыл облысы