– Тутұғырдың биіктігі –91 метр. Оны жаңадан жасату үшін Түркиядағы зауытқа тапсырыс берілді. Осыған байланысты қазір есептеулер мен материалдар тексерілуде. Тутұғырды Түркиядан әкелу мерзіміне өзгеріс енгізілмесе, оны шілдеде орнату жоспарланып отыр, - деді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.
Былтырғы 20 желтоқсанда Атырауда салынып жатқан тутұғыр өкпек желдің екпінімен құлаған еді. Сол кезде мұның себебін «Кastador» ЖШС-нің директоры Айдын Әлмұхамбетов дәнекерленген жігінің жарылуынан деп түсіндірген еді.