Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Ақтөбедегі су қоры тапшылығы реттеледі

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен қыс айларында Ақтөбе аймағында қар аз түсті. Әрі өткен күз айларында жаңбыр да аз жауды. Соның салдарынан топырақ қабаттарына тоң да жиылмады.

Ақтөбедегі су қоры тапшылығы реттеледі

Мұның өзі өңірде ылғал мен су ресурстары тапшылығын туғызуы әбден мүмкін болып отыр. Бұл мәселені реттеуде «КазСуШар» РМК Ақтөбе филиалы су қоймасының алатын орны жоғары. Аталған гидроинженерлік кәсіпорын жазғы маусым кезінде су тапшылығын болдырмау мақсатында Ақтөбедегі ірі кәсіпорындар мен шаруаларды сумен қамтамасыз етумен айналысады.

Өткен жылы қоймаға 18-20 миллион текше метр су жиналған болса, биыл 40-60 миллион текше метр су қорын жасақтау белгіленген. Қазірдің өзінде оның отыз пайыздық мөлшері жиналып үлгерген. Қоймаға су Ілек өзені мен оның айналасындағы оннан астам кіші су ағарлардан келіп құйылады. «КазСуШар» РМК Ақтөбе филиалының басшысы Egemen.kz тілшісіне биыл су қорынан тапшылық болмайтынын, реттеу жолдары алынғанын айтып берді.