Альмира ТОҚТАРБЕКОВА, ШҚО-дағы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім бастығы:
– Альмира Тоқтағазықызы, «Мейірім» акциясы тұңғыш рет Шығыс өңірінде жүзеге асырылды. Аталған акцияның маңызы неде?
– Облыста 3500-ден астам жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрып жатыр. Олардың ішінен, 2300-ге жуығы – отбасыларда, 1400-ден астамы интернаттық мекемелерде тұрады. Бұл санаттағы балалардың 11 пайызы ғана баспанаға ие.
Альмира ТОҚТАРБЕКОВА, ШҚО-дағы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім бастығы:
«Мейірім» – балаларға жылу сыйлайды
– Альмира Тоқтағазықызы, «Мейірім» акциясы тұңғыш рет Шығыс өңірінде жүзеге асырылды. Аталған акцияның маңызы неде?
– Облыста 3500-ден астам жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрып жатыр. Олардың ішінен, 2300-ге жуығы – отбасыларда, 1400-ден астамы интернаттық мекемелерде тұрады. Бұл санаттағы балалардың 11 пайызы ғана баспанаға ие.
Осы мәселені шешу үшін Шығыс Қазақстан облысы республикада алғаш рет жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірледі. Кешенді жоспардың мақсаты – аталған санаттағы балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету жолымен жақсарту. Яғни, барлық санаттағы балалардың сапалы білім алу, медициналық және әлеуметтік қызметтерді пайдалануына жағдай жасау, ауыр тұрмыстық жағдайдағы балалар құқықтарын қорғау үшін кешенді шаралар жүйесін қалыптастыру, балаларды ойдағыдай әлеуметтік бейімдеуге жағдай жасау және жұмыспен, тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделіп отыр.
– Кешенді жоспарды әзірлеу арқылы қандай жұмыстар атқарылды?
– Кешенді жоспар қолға алынған 2 жыл ішінде облыста қыруар жұмыс атқарылды. Бірінші кезеңде, 2011 жылдан бастап, балалар үйінің тәрбиеленушілері мемлекеттік органдар мен өңірдің ұйымдары, шағын, орта және ірі кәсіпорындарға әлеуметтік-патронаттық қолдау көрсету үшін бекітілді.
Отбасыларда тәрбиеленіп жатқан жетім балалар да шетте қалмады. Барлық қалалар мен аудандарда «Мейірім» қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Нәтижесінде, мемлекетттік органдар мен ұйымдар, бизнес құрылымдар өкілдерімен әлеуметтік келісімшарттар жасалды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті басқару органдары, банктер, ірі кәсіпорындардан бастап, шағын шаруа қожалықтарына дейін, үкіметтік емес ұйымдар, барлығы 1770 патронаттық ұйым 1700 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлығына алды.
Балалардың шоттарына 90 миллионға жуық ақша аударылды. Бұл қаржыға олар тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы төмендетілген пайызбен тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болады.
Патронаттық ұйымдар ақша аударып қана қоймай, балаларға тәрбие беруде, балалар үйі тәрбиеленушілерінің қоғамда әлеуметтік бейімделуіне белсенді қатысып, жұмыспен қамтамасыз етуіне көмектеседі, жазғы лагерьлерге жолдама ұсыну арқылы балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға қолғабыс етеді. Сондай-ақ, рухани-адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуге қатысады.
Мысалы, Курчатов қаласының білім беру ұйымдары Шүлбі ауылында орналасқан облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерін Курчатов қаласы бойынша серуендетіп, «Жағалау» жазғы сауықтыру лагерінде демалыс ұйымдастырды. Абай ауданының патронаттық ұйымдары хакімнің соңғы он жыл ғұмыры өткен Жидебайға саяхат ұйымдастырса, Бородулиха ауданы Жаңашүлбі балалар үйінің тәрбиеленушілерін Астана, Семей қалаларында серуендетті. Семей, Курчатов қалалары мен Күршім, Тарбағатай, Зайсан аудандарының патронаттық ұйымдары тұрғын үй алуға жәрдемдесті.
Сонымен қатар, кешенді жоспарға қатысқан және патронаттық ұйымдарға бекітілген балалар туралы мәліметтер базасы құрылды. Алдағы уақытта мәліметтер базасын жаңарта отырып, балалардың өмірін бақылау жоспарланып отыр.
Әңгімелескен
Думан АНАШ,
журналист.
Өскемен.