Қазақстан • 27 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны бүгін 105-ке жетті

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, яғни 27 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа дерегі тіркеліп, өңірде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 105-ке жетті.

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны бүгін 105-ке жетті

Аталған науқас 1972 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Ол дәрігерелердің көмегіне дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тамақ ауруына қатысты шағымдарымен жүгінген болатын. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша одан коронавирус диагнозы расталды. Эпидемиологиялық тексеру барысында онымен байланыста болған 3 тұлға анықталған. Кейіннен анықталғандай, науқас инфекциялық стационарға жеткізіліп, ошақтарда эпидемияға қарсы өңдеу іс-шаралары жүргізілген.

27 сәуір күнгі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 105 жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде Тараз қаласында 50, Байзақ ауданында 4, Жамбыл ауданында 4, Қордай ауданында 34, Меркі ауданында 2, Мойынқұм және Шу аудандарында  бір-біреуден анықталған. Сондай-ақ, «Дели-Тараз» рейсінен 6 оқиға, Атырау облысындағы теңіздегі вахталық кентінен келген қызметкерлер арасында 3 оқиға анықталды. Жалпы, бүгінде дерт жұқтырғандардың 43-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылған.

 

Жамбыл облысы