– Дертке шалдыққандар – 1977 және 1979 жылғы екі ер адам. Жұмысшылар бұған дейін коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарда жатқан. Қазіргі уақытта олармен байланысушылар тізімі жасалып, оқшауланды. Инфекция ошағына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде, -деп хабарлады жедел штабтан.
Жедел штабтың дерегіне сүйенсек, Атырау облысында аты жаман індетті жұқтырғандардың саны 123 адамға жетті. Ал 47 адам сауығып шықты.