Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Шымкентте 262 166 азаматтың әлеуметтік төлем туралы өтініші кері қайтарылған

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың 26-шы сәуіріне дейін Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал мен сайттар арқылы 534 493 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 265 895 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 262 166 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Шымкентте 262 166 азаматтың әлеуметтік төлем туралы өтініші кері қайтарылған
Жалпы әлеуметтік төлем алатын 265 895 азаматтың ішінде 253 113 өтініш бойынша, ал, 12 782-іне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды.
 
Бүгінге дейін 261 313 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек банктік карталарына аударылған.
Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.
 
Шымкент