Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Атырау: Мұнай өнімдерін заңсыз сатқан тұрғын жазаланды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Заңсыз пайда табу үшін жемсауы бүлкілдеп,  араны апандай ашылған тұрғын ақыры опық жеді.

Атырау: Мұнай өнімдерін заңсыз сатқан тұрғын жазаланды

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында «Екі жеп, биге шығуды» көздеген тұрғынды ұстады. Ол 1,5 мың тонна дизель отыны мен 400 тонна мазутты заңсыз сатпақ болыпты. Алайда, қу құлқынның қамын күйттеген тұрғынның арам ойы іске аспады.

Жылыой аудандық сотының үкімімен Атырау қаласының тұрғыны ҚР Қылмыстық Кодекстің 197-бабының 4-бөліміндегі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Сөйтіп,  оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.