Руханият • 29 Сәуір, 2020

Бүгін Батырхан Шүкеновті еске алу концерті өтеді

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігінің «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында бүгін әнші Батырхан Шүкеновті еске алу концерті өтеді.

Бүгін Батырхан Шүкеновті еске алу концерті өтеді

«Онлайн концертте қазақ эстрадасының белгілі әртістері Роза Рымбаева, Сағынай Абдуллин, Наджиб Вильданов, Ренат Гайсин, Жанар Дұғалова, Рүстем Нұржігіт, Диная, Әли Оқапов, Сырымтай Еңсепов тікелей эфирде Батырхан Шүкеновтің репертуарындағы әндерді орындайды», - делінген Мәдениет министрлігінің хабарламасында.

Концертті кешкі сағат 21:00-де онлайн форматта «Қазақтелеком» АҚ-ның telecomkz YouTube арнасынан көре аласыздар.

Сондай-ақ концерт Мәдениет және спорт министрлігінің Facebook және Қазақконцерттің @qazaqconcert Youtube парақшаларында қайталанады.

Еске сала кетейік, әнші, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің өмірден өткеніне 5 жыл толды. Ол 2015 жылы Мәскеуде жүрек ауруынан қайтыс болған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар