Тіпті кейде қар, жаңбыр жауғанда да жолдың қазылған жерлері ойылып, қозғалысты қиындата түсетін. Бүгінде сол олқылықтың орны толып, Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен көшелерді асфальттау жұмыстары қолға алынуда. Өткен жылдан бері жөндеу жұмыстары жалғасып келе жатқан облыс орталығындағы Абай даңғылы, Қойгелді және Байзақ батыр көшелері қалпына келтіріліп, алдағы аптада жолаушылар бұл көшелермен еркін жүре алады. Бүгінгі таңда мұнда қажетті техникалар жеткізіліп, алғашқы жұмыстар басталып та кетті. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қалада қозғалыс шектелген карантин кезінде жол жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырған болатын.
Тараз қаласы әкімдігінің мәліметінше, жалпы ағымдағы жылы көне шаһар ішіндегі 90 шақырым жолды жөндеу бойынша 100 жоба жүзеге асырылатын болады. Нәтижесінде қалада 81 шақырымды құрайтын 96 көшеге бірқатар жолақтар салынады. Қаладағы Абай даңғылы, Бауыржан Момышұлы, Желтоқсан-Қазыбек би, Қойгелді-Қонаев көшелері бойында жаяу жүргіншілер жолағы салынады. Бір айта кетерлігі, аталған көшелердің 80 пайызында бұрын-соңды асфальт болмаған. Тіпті Төле би даңғылы мен Ташкент көшесі аралығындағы Байзақ батыр көшесінің бір шақырымында жылдар бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Бүгінде бұл көшеде мердігер «Ая-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалары келіп, жол жабындысын жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев мұндағы жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, мердігерге жұмысты аяқтайтын мерзімді белгілеп берді.
Жамбыл облысы