Спорт • 29 Сәуір, 2020

Футбол: Франция чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция футбол федерациясы (FFF) коронавирус пандемиясына байланысты ел біріншілігін мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болғанын хабарлады.

Футбол: Франция чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды

Футбол федерациясының таратқан мәліметі бойынша, 13 наурызда уақытша тоқтатылған Франция чемпионаты енді мүлде өткізілмейтін болды. Себебі бұған дейін Франция премьер-министрі Эдуар Филипп коронавирус пандемиясына байланысты қыркүйек айында дейін елде ірі турнирлерді өткізуге тиым салған болатын.

Сондай-ақ FFF Франция кәсіпқой лигасына (FLP) жақын уақытта 1 және 2 лига маусымын қорытындылау туралы тапсырма берді.

Қазіргі таңда Франция чемпионатында 28-турдан кейін ПСЖ клубы 68 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында «Марсель» (56 ұпай) командасы келеді. Үздік бестікті «Ренн» (50), «Лилль» (49) және «Реймс» (41) клубтары түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Еуропада Бельгия және Нидерланд чемпионаты да мерзімінен бұрын аяқталған болатын.