Спорт • 29 Сәуір, 2020

2021 жылғы жабық ғимараттағы Азия ойындары Таиландта өтеді

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азия Олимпиада кеңесі 2021 жылғы жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимараттағы Азия ойындарын Таиландта өткізілетін болды.

2021 жылғы жабық ғимараттағы Азия ойындары Таиландта өтеді

«2021 жылғы жабық ғимараттағы Азия ойындарын Таиланд жоғары дәрежеде өткізеді деген сенімім мол. Әлемде қандай жағдай болса да, біз спорт күнтізбесін әрі қарай жалғастыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Жабық ғимараттағы Азия ойындарын ұйымдастырушыларға сәттілік тілеймін», дейді Азия Олимпиада кеңесінің президенті.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимараттағы алтыншы Азия ойындарын Бангкок және Паттайя қалалары қабылдайды. Жарыста спорттың 24 түрінен жүлде таратылады. Айта кетелік, жабық ғимараттағы ең алғашқы Азия ойындары 2005 жылы Бангкокте өткен болатын. 

2017 жылы Түрікменстанның бас шаһары – Ашхабадта өткен V Азия ойындарында Қазақстан құрамасының 181 өрені спорттың 16 түрінен ел намысын қорғаған. Он екі күнге созылған V Азия ойындарының қорытындысы бойынша 181 спортшымыз 28 алтын, 28 күміс және 40 қола жүлде иеленді. Жалпыкомандалық есепте 96 медаль жиынтығына қол жеткізген біздің спортшылар төртінші орынға тұрақтаған-ды.