–Мұны жас кезімде байқадым. Бірақ, бұған көп мән бермеймін. Қазір массаж жасаумен айналысып жүрмін. Массажға келгендер «қолыңыз жанып тұр ғой» деп жатады, дейді «магнит адам» Октябрь Жұмашев.
Ол денесіне қасықты, шанышқы мен пышақты, тиындарды, тіпті ұялы телефонды да жапсырып алып, еркін қозғала береді. Жасы 70-тен асқан қарияның «магнит адам» екенін достары ғана біледі.
Ал, сіз денеңізге темір жапсырып көрмедіңіз бе?