Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Шымкент: Қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттік полицейлер қарақшылық жасаған екі ер адамды ұстады. Қаскүнемдер 23 сәуірде қала тұрғынының смартфонын күш қолданып, тартып алған.

Шымкент: Қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының тергеушісі Жалғас Халила криминалдық полиция, патрульдік полиция полкі және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесінде құқық бұзушыларды ізін суытпай анықтап, құрықтады.

Олар 30 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының және 37 жастағы Түркістан облысының тұрғындары болып шықты. Олардан ұялы телефон алынып, иесіне қайтарылды.

Аталған жайт Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігінде (тонау) көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен екі ай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

 

Шымкент