Ағымдағы жылы бұл бағыт бойынша 1282 пәтерге арналған 86 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер құрылысы жүргізіледі. Жыл соңында 627 пәтер немесе 45 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріледі.
Ақтау қаласында 670 пәтерге арналған 53,438 мың шаршы метрді құрайтын «Аққу-3» тұрғын үй кешенінің 447 пәтерге арналған 35,625 мың шаршы метрді құрайтын 2 бөлігі, 1 бөлігі 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Ақтау қаласында 18 шағынауданда 180 пәтерге арналған 10,150 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріледі.Ақтау қаласында 19а шағынауданында 432 пәтерге арналған 22,434 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер 2021 жылдың 1-ші тоқсанында пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар Маңғыстау облысына 5 млрд теңге көлемінде қаржы несиелік тұрғын үй құрылысына қаралған, бұл қаржыны мемлекеттік және жеке меншік әріптестік негізінде іске асыру жоспарланып отыр.