18 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы № 147

280 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

2013 жылғы 28 маусым, Алматы қаласы            
Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

 

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республика­сындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті ұсыну қағидаларына қосымшаның «Меморандумның баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» 4-кестесіндегі 7130 «Шығын есебіне шығарылған борыштар» шоты 2013 жылғы 1 желтоқсанға дейін қолданылады.

Ұлттық Банк Төрағасы         Г.МАРЧЕНКО.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 28 маусымдағы № 147 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілер тізбесі

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарын­дағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3750 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 232 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4481 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 279 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5129 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 204 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5444 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 93 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5699 тіркелген).
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысына толықтырулар мен өзгерістерді енгізу туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 63 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6284 тіркелген).
7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) қосымшасына Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесiнің 12-тармағы.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың есеп беру мәселелері бойынша толық­тырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 11 наурыздағы № 28 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6906 тіркелген) қосымшаның 1-тармағы.
9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 қазандағы № 170 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7361 тіркелген, 2012 жылғы 28 сәуірде, 2012 жылғы 22 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 195-200, 534-539 (27274, 27612) жарияланған) қосымшасына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 1-тармағы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 28 маусымдағы № 147 қаулысымен бекітілген

Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті ұсыну  қағидалары
1. Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – банктер) Қағидалардың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті ұсынады.
Есепті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 тіркелген «Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығының 1-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеуде көрсетіледі.
Банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп электрондық тасымалдағышта мынадай мерзімдерде:
1) күн сайынғы есеп – есепті күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады (ай сайынғы есеппен бір мезгілде тапсырылатын айдың алғашқы есепті күндерін қоспағанда);
2) ай сайынғы есеп – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
Он және одан да көп филиалдары бар банктер баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есепті мынадай мерзімдерде:
күн сайынғы есепті – есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бір мезгілде тапсырылатын айдың алғашқы есепті күндерін қоспағанда);
ай сайынғы есепті – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күннен кешіктірмей ұсынады.
3. Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштардағы есептерге банктің бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қояды, олар мөрмен куәландырылады және банктерде сақталады.
Электрондық форматтағы есептер ұсынылып отырған д

Соңғы жаңалықтар