Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Биыл Павлодарда қос театр жөндеуден өтеді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрына бұл мақсатқа 402 млн теңге бөлінген, деп хабарлады pavlodarnews.kz тілшісі.

Биыл Павлодарда қос театр жөндеуден өтеді

Бұл туралы онлайн баспасөз конференциясында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов айтты.

-Аталған қаражатқа тетатрдың төбесі, ғимараттың қасбеті, грим жасау және басқа да бөлімдері жөнделеді, - дейді Ернұр Дәуенов. – Сондай-ақ үлкен мәжіліс залы жаңғыртудан өтеді. Жөндеу жұмыстары кезінде спектакльдерді тоқтатуға тура келеді. Сондай-ақ театрдың 29-шы туған күніне орай Toraighyrov University өнер ұжымына магистратурада білімін жетілдіруге   10 грант ұсынған болатын. Ол үшін шекті бал жинау қажет. Жоғары оқу орнымен келісімшарт жасалған. Әртістер білім ала алатын төрт мамандық бар.

Басқарма басшысының айтуынша, А. Чехов атындағы театр ғимаратының екінші бөлігін жөндеу жұмыстарына «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде 188 млн теңге бөлінген.

-Бұл жолы ғимараттың екінші бөлігі ғана жөнделеді, - дейді Ернұр Дәуенов. – Себебі, 2011 жылы бірінші бөлігі: фойе, үлкен зал мен әкімшілік блок жөндеуден өткізілген. Биыл шағын мәжіліс залы, хореографиялық блок, негізгі ғимараттың бір бөлігі, костюм және тігін цехы, видеоконтент монтаждалатын бөлме ретке келтіріледі. Бұл бөлігі театрдың іргетасы қаланғалы 100 жылдан бері жөндеу көрмеген. Қазіргі таңда конкурстық шаралар өтуде. Жөндеу жұмыстары мерекеден кейін басталады және қойылымдарға кедергі болмайды.