2020 жылғы бірінші тоқсанында мұнай мен газ конденсатын өндіру деңгейі 5 929 мың тоннаны құрап, 2019 жылғы бірінші тоқсандағы деңгеймен шамалас болса, мұнай мен газ тасымалдау сегменті салыстырмалы түрде тұрақты, 18 517 мың тонна мұнай мен 28 320 млн м³ газды құрады. Отандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі4,9%-ға азайып, 4 660 мың тоннаны құрады.
-Қазір біз бәріміз күрделі кезеңді бастан өткізіп жатырмыз. Жаһандық пандемия салдарынан көптеген елдерде адамдар, денсаулық сақтау жүйесі және жалпы әлем экономикасы ауыр сынақтан өтуде. Бүгінгі таңда індеттің таралуын болдырмау және қатаң тәртіпті сақтау үшін алдыңғы шепте жүрген барлық дәрігерлерге, полиция және басқа да қызметкерлерге алғыс білдіргім келеді. Саланың ерекшелігіне қарай, ел экономикасын қолдау қажеттілігі және үздіксіз өндірістік процесті қамтамасыз ету үшін ҚМГ өндірістік қызметін тоқтатқан жоқ. Алайда коронавирус пандемиясы салдарынан мұнай бағасының күрт төмендеуі және Қазақстан өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге қысқарту жөнінде шешім қабылдаған мұнай өндіруді ұжымдық қысқарту туралы ОПЕК+ келісімі 2020 жылдың екінші тоқсанында ҚМГ өндірісінің шектелуіне әкелуі мүмкін. Ұлттық компания Энергетика министрлігімен бірлесіп түрлі сценарийлерді әзірлеуде және ҚМГ мүдделі тараптармен бірге қажетті шаралар қабылдайтын болады.
Ел үшін осындай бұрын-соңды болмаған кезеңде ҚМГ үшін қызметкерлер мен олардың отбасыларының амандығы, компанияның мүмкіндіктеріне қарай дағдарысты жағдайды еңсеру басты басымдық болып табылады, деді ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Серікұлы Айдарбаев.