Қазақстан • 29 Сәуір, 2020

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары 1414 арқылы байланысқа шыға алады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары енді 1414 Бірыңғай байланыс орталығының операторымен онлайн-аудиожазба арқылы байланыса алады.

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары 1414 арқылы байланысқа шыға алады

1414 тегін қоңырау шалу үшін пайдаланушы egov.kz порталға кіріп, төменгі оң жақ бұрышта «Виртуалды кеңесші» виджетін басу қажет. Қалқымалы терезеде құлаққап түріндегі белгіге басып, қоңырау шалу қажет.

Виртуалды кеңесші арқылы оператормен байланыс жасау үшін микрофон мен құлаққап болуы қажет.

̶ Бізге басқа елдерде жүрген азаматтардан өтініштер жиі келіп түскен еді, біз 1414 call-орталығының операторларымен интернет арқылы қосылу мүмкіндігін қарастырдық. Бүгін біз осындай мүмкіндікті іске қостық. Егер интернет болса, 1414 кеңесшісімен хабарласып, барлық сұрақтарға жауап ала алады. Сондай-ақ, кеңесшімен әңгімесу барысында біз көлемі 20 мегабайттан аспайтын кез келген форматтағы файлдарды бекіту және жіберу мүмкіндігін қарастырдық,-деді «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

1414 байланыс орталығы жұмыс күндері 9:00-ден бастап 21:00-ге дейін және сенбі, жексенбі күндері 9:00-ден бастап 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Төтенше жағдай кезінде 366 мыңнан астам қазақстандық мобильді азаматтар базасында тіркелген.

ТЖ кезінде байланыс орталығының жұмысына ХҚКО-ның 2000-нан астам қызметкері тартылды, байланыс арналарының өткізу қабілеті мен телефония өнімділігі кеңейтілді. Бұдан басқа, ХҚКО-ның 1000-ға жуық қызметкері кеңес алуға, сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркелу және ЭЦҚ онлайн-ресімдеу үшін жеке басын сәйкестендіру үшін өтініш білдірген азаматтардың бейнеқоңырауларға жауап береді.