Алайда Қазақстанның ірі қалаларында карантин енгізілуіне байланысты 2020 жылғы сәуір айында Қазақстанда мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне сұраныс едәуір төмендеді. Бұл жайт отандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қызметіне елеулі әсер етті. Қазір зауыттар өз қызметін жалғастыруда, дегенмен қоймада тауардың шамадан тыс жиналып қалуын болдырмау үшін мұнай өңдеу көлемі мен мұнай өнімдерінің өндірісі ең төменгі деңгейге дейін азайтылды. 2020 жылғы наурыз айының ортасынан бастап қазақстандық МӨЗ-дердің қуаты шамамен 13%-ға төмендеді.
2020 жылғы бірінші тоқсанда румын МӨЗ-дерде көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемінің 17,7%-ға төмендеуі қазақстандық МӨЗ-дерде КСШ өңдеудің ұлғаюымен ішінара өтелді. Нәтижесінде КСШ өңдеудің жалпы көлемі 4 660 мың тоннаны құрады.