Медицина • 30 Сәуір, 2020

Сізден көмек күтеміз!

256 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы COVID-19-дан жазылып шыққан адам­дар­дың қанынан плазма даярлауды бастады.

Сізден көмек күтеміз!

«Егер сіз осы жұқпалы дерттен жазылған болсаңыз, донор ре­тін­де қан тапсырыңыз, осылайша сіз өзге біреудің өмірін сақтап қа­ла­сыз», дейді орталық мамандары. Өйткені коронавирусты жеңіп шыққан адамдардың қанында оған қарсы тұратын антидене пайда болады, ал ауру жұқтырған пациентке сол сырқаттан ауырып тұрған жаннан алынған плазманы құйғанда, бұл науқастың сауығуына алып келеді. Негізінде жұқпалы аурулардың қай түрін емдеуде де плазма құю ең тиімді тәсіл саналады. Сол себепті де жер жүзінде жұқпалы ауру ошақтары пайда болған кезде плазма құюды қолдану тәжірибесі таралған.

Бүгінгідей әлем жұртшылығы індетпен күресіп жатқан кезеңде плазма құюды Германия, Франция, Ресей және өзге де бірқатар ел қол­да­ну­да. Қытайда да пациенттерге аурудан емделіп шыққандардың плазмасын құю нәтижелі емге қол жеткізді.

Түсіндіре кетейік, вирус жұқ­тыр­ған адамда ауру барысында оның қор­ғаныштық жүйесі (иммундық жүйесі) белсенді қимылдап, ауру қоз­дырғыштарына қарсы тұратын анти­денелер жасақтала бастайды. Ал жазы­лып шыққан соң жоғарыдағы анти­денелер қан плазмасында сақ­та­лады. Сондықтан ондай плазманы ауыр науқастарды емдеуге қолданған уақытта науқас бойында белсенділігі төмен өз иммунитеті пайда бола бастайды да, иммундық жүйе толық күшіне енуіне, өз антиденелерін қа­лып­тастыруына қажетті уақыт үнем­­деледі, дейді орталық маман­дары.

Қан тапсыру үшін донорлардың осы аурудан жазылып шыққаны туралы медициналық анықтамасы, COVID-19-ға, АИТВ, гепатит В және С, мерез ауруына тапсырған сынамасының теріс көрсеткіші болуы тиіс. Плазмаға қан тапсырғысы келетін еріктілер сауыққаннан кейін 14 күн өткен соң шақырылады. Плаз­ма бірден 2-3 емге жетерліктей мөл­ш­ерде аппараттық тәсілмен алынады, бұл өте қауіпсіз әдіс. Алынған плазма әрі қарай стандарттарға сәйкес вирустық инактивациядан өткізіледі, дейді дәрігерлер.

«Сіздерден көмек күтеміз, қазір­гідей күрделі уақытта сіздер тап­сыр­ған қандағы плазма вируспен кү­ресте шешуші қызмет атқарады. Сон­дықтан адам өмірін сақтап қа­лу­ға асығыңыз», деген орталық қан тап­сыруға шақырады.

Егер сіз COVID-19-бен ауырып жазылып шықсаңыз, бізге міндетті түр­де хабарласыңыз! Байланысу үшін: Нұр-Сұлтан қаласы, Жәнібек-Керей хандар көшесі, 10-үй, анық­та­ма телефоны:

8 (7172) 54 33 00, ішкі. 169, ұялы: 8 777 006 32 92 (Дәрігер-транс­фузиолог Көпеева Эльмира Рашид­қызы).

8 (7172) 54 33 00, ішкі. 192, ұялы: 8 771 375 02 10 ТҒӨО (баспасөз хат­шы­­сы Шарипова Әсемгүл Рахым­бай­қызы).