Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жөндеу жұмыстарын ерте бастады

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпорынның  байланыс және ақпарат қызметінің мәліметінше, жылдағыдай  еліміздің  Энергетика министрлігі бекіткен жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес  зауыттағы  жөндеу жұмыстар  25 мамыр-13 маусымы аралығына жоспарланған.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жөндеу жұмыстарын ерте бастады

Ал, биылғы жөндеу жұмыстарының ерте басталуына себеп-биылғы Төтенше жағдай кезеңіне сай болған.

Сондықтан, алып зауыттың жылдағыдай өткізілетін күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарына өзгеріс енгізілген.

Яғни, кәсіпорын жұмыс көлемін толық орындау мақсатында жоспарлы жөндеу-алдын алу шараларының ерте  басталғанын мәлім етті.

Төтенше жағдай тәртібін сақтау мақсатында «ПМХЗ» ЖШС-де жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуін қамтамасыз ету бойынша тиісті талдау жасалды.

Кәсіпорын басшылығы мұнайшы-жұмысшы,қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 8 сағаттық жұмыс кестесін белгіледі.

Сондай –ақ, түнгі уақытта жұмыс жасау үшін кәсіпорында жұмыстарды жүргізу кестесі мен мердігер ұйымдардың жұмыс тәртібі қайта қаралды.

Бұл үшін жөндеу жұмыстарын жүргізетін мамандарға жұмыс алаңдарында, қоғамдық тамақтану орындарында және тасымалдау кезінде қолайлы жағдай жасалды.

Ал, жалпы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ақпаратына сәйкес, Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары да өз қызметін қалыпты жалғастыруда.

Қолда бар қорды қоса алғанда зауыттардың өндіріс көлемі еліміздің ішкі нарықтағы ағымдағы қажеттілігін 3 айдан астам мерзімге қамтамасыз ете алады.

 

Павлодар облысы