Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Бірыңғай терезеден 13 мыңнан астам дайын құжат берілді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дайын құжаттарды көбінесе Шығыс Қазақстан, Түркістан мен Алматы облыстарының тұрғындары алған екен. 

Шығыс Қазақстан: Бірыңғай терезеден 13 мыңнан астам дайын құжат берілді

Облыс тұрғындары карантин басталғаннан бері Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірыңғай терезесінен 13 мыңнан астам дайын құжатты алған. Құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген, қалғаны орталықтар жабылғанға дейін рәсімделген.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтар үшін бұдан бұрын өтініш берілген, сондай-ақ электронды форматта тапсырыс берілген қызметтер бойынша дайын құжаттарды алып кетуге болатын бірыңғай терезені іске қосты. Бұл үшін әр қала мен аудандарда бір-бір ХҚО белгіленген болатын.

Дайын құжаттарды көбінесе Шығыс Қазақстан, Түркістан мен Алматы облыстарының тұрғындары алған екен. «Бірыңғай терезеде берілген құжаттардың дені – АХАТ құжаттары, жүргізуші куәліктері, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары, жеке куәлік пен паспорт. Төтенше жағдай режимі басталғалы қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталы мен eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы 10,5 миллионға жуық қызметті онлайн түрде алған» дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Заруетқызы.  

Шығыс Қазақстан облысы