Қазақстан • 30 Сәуір, 2020

Қызметкерлер ақысыз байланыс платформасымен қамтылды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақтелеком» және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес компаниясы QazCloud Cisco Systems компаниясымен бірлесіп, Cisco Meeting Server (CMS) әмбебап конференция платформасына елде төтенше жағдай жарияланғанына байланысты қашықтан жұмыс істеу форматына ауысуға мәжбүр болған компанияларды қолдау үшін ақысыз қызмет ұсынады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қызметкерлер ақысыз байланыс платформасымен қамтылды

Cisco Meeting Server – вебинарлар, веб-конференциялар өткізуге арналған және көпжақты ақпарат алмасудың кең мүмкіндіктері бар платформа. Ол Қазақстан аумағында «Қазақтелеком» АҚ ең ірі дата-орталығы негізінде орналастырылған және Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздік заңнамасының барлық талаптарына сәйкес келеді. Бұл платформа отандық компаниялардың қызметкерлеріне құжаттармен, презентациялармен бірлесіп жұмыс істеуге, сондай-ақ бейне чат, хабарлама алмасу, веб-сессияларды жазуға және қорғалған кибер ортада көруге арналған бірқатар ыңғайлы құралдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты көп компаниялар қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу тəртібіне ауыстыру туралы шешім қабылдады. Серіктестеріміз қызметкерлермен байланысты Cisco Meeting Server өнімін ақысыз пайдалану арқылы жүзеге асыра алады», - деді QazCloud бас директоры Қасым Есергепов.